ЧЛ: «Интер» — «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін, 6 қарашаға қараған түні, Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің төртінші турында қазақстандық «Қайрат» миландық «Интерге» қонаққа барады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Интер» – «Қайрат» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады. Ойынды «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.
Қазіргі уақытта қазақстандық команда турнир кестесінде 34-орында тұр. «Қайрат» алғашқы үш ойында бір ғана ұпай жинады. Алматылықтар грекиялық «Пафоспен» тең түскен еді.
Ал миландық «Интер» басты еуропалық турнирдің алғашқы үш турында 9 ұпай жинады. Алдыңғы ойында команда «Юнион Сент-Жиллуаны» 0:4 есебімен жеңген болатын.
«Интер» «Қайратқа» қарсы ойын алдында қазақ тілінде жазба жариялады (видео)
Шотландияның «Хартс» клубы Ислам Чесноковтың трансферіне сенімді
Италиялық бапкер «Интер» – «Қайрат» матчы туралы пікір білдірді