Жәнібек Әлімханұлы Теренс Кроуфордпен айқас өткізуге қарсы емес
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы абсолют чемпион, америкалық Теренс Кроуфордпен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін Кроуфорд желтоқсанның 6-сы күні өтетін «Kazakh Style» мен кубалық Эрисланди Лараның айқасын ерекше назармен қарайтынын айтқан еді.
– «Иә, біз Кроуфордпен жекпе-жекке дайынбыз. Бұл біз үшін үлкен әрі маңызды айқас болмақ», – деді Әлімханұлы Ларамен болатын кездесу алдындағы сұхбатында.
Өз кезегінде кубалық Эрисланди Лара болашақ жоспарлары туралы сөз қозғаудан бас тартты.
– «Қазір менің бар ойым – 6 желтоқсандағы айқаста. Жәнібек оңай қарсылас емес. Сол себепті басқа ештеңені ойлауға хақым жоқ. Бар күшімді соған жұмсаймын, ал ары қарай не боларын содан кейін көреміз», – деді Лара.