Диана Шнайдер Александр Бубликті ең тартымды теннисшілер тізімінде екінші орынға қойды
Әлемнің 21-ракеткасы, ресейлік теннисші Диана Шнайдер YouTube-тағы First&Red арнасында теннисшілердің тартымдылық рейтингісін жасап, қазақстандық Александр Бубликті екінші орынға қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шнайдер тізімді алдын ала білмей, әр ойыншыны бірден бағалау шартымен құрған. Оның тізімі мынадай болды:
- Марат Сафин («Өзінің прайм кезінде керемет еді», – деді Шнайдер).
- Александр Бублик.
- Александр Зверев («Тек шашын қысқартса жақсы болар еді», – деп әзілдеді ол).
- Григор Димитров.
- Карен Хачанов.
- Новак Джокович.
- Маттео Берреттини.
- Хольгер Руне.
Айта кетейік, Диана Шнайдер биыл WTA-500 санатындағы Монтеррей турнирінде (Мексика) чемпион атанды. Сондай-ақ Мирра Андреевамен бірге Брисбен мен Майамидегі жұптық жарыстарда жеңімпаз болған. Екі ресейлік теннисші WTA финалына жолдама алғанымен, жартылай финалға шыға алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или