Рыбакина – Киз матчының трансляциясы

Рыбакина – Киз матчының трансляциясы


Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA маусымдық финалындағы топтық кезеңнің үшінші турында америкалық Мэдисон Кизбен кортқа шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина – Киз матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 17:00-де басталады және көрсетілім сілтемесі арқылы қолжетімді болады.

Еске салайық, алғашқы турда Елена Уимблдон мен US Open-2025 финалисі Аманда Анисимованы 6:3, 6:1 есебімен жеңген болатын. Ал екінші ойында әлемнің екінші ракеткасы Ига Швёнтекке қарсы керемет камбэк жасап, 3:6, 6:1, 6:0 нәтижесімен басым түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или