Роналду: «Өмірімдегі ең қымбат зат — менің ұшағым»

Роналду: «Өмірімдегі ең қымбат зат — менің ұшағым»


Саудиялық «Аль-Наср» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду журналист Пирс Морганға берген сұхбатында өміріндегі ең қымбат сатып алуы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялық жұлдыздың айтуынша, ол жеке ұшағын 13 жыл бұрын сатып алған.

«Иә, бұл — өмірімдегі ең қымбат нәрсе. Бір жыл бұрын оны жаңасына айырбастадым. Қазір менде Global Express моделі бар», – деді Роналду.

Marca басылымының дерегінше, бұрын Роналдудың иелігінде €20 миллионға бағаланған Gulfstream G200 ұшағы болған. Кейін ол €50 миллион тұратын Bombardier Global Express 6500 моделін сатып алған.

Айта кетейік, қазан айында 40 жастағы Роналду Bloomberg мәліметі бойынша әлемнің алғашқы футболшы-миллиардері атанып, оның байлығы $1,4 миллиардқа жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или