Роберто Бордин: «Қайрат» — сапалы команда, «Сан-Сирода» қызықты ойын күтемін»

Роберто Бордин: «Қайрат» — сапалы команда, «Сан-Сирода» қызықты ойын күтемін»


Белгілі итальян маманы, қазіргі таңда Албанияның «Тирана» клубын жаттықтыратын Роберто Бордин Миланда өтетін «Интер» – «Қайрат» кездесуіне қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«“Сан-Сиро” стадионында ойнау кез келген команда үшін оңай емес. Бірақ “Қайрат” — жақсы ұжым, сапалы және жеке шеберлігі жоғары ойыншылары бар. Мен өте қызықты матч болады деп ойлаймын», – деді итальяндық маман.

60 жастағы Бордин бұған дейін ойыншы ретінде «Парма», «Аталанта» және «Наполи» клубтарында ойнаған. Бапкерлік мансабында Италияда («Триестина», «Кальдиеро»), Молдова («Шериф», ұлттық құрама), Әзербайжан («Нефтчи») және Албанияда («Эльбасани», қазіргі «Тирана») жұмыс істеген.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші тур аясында «Қайрат» 5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Миланда «Интермен» кездеседі. Матч Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или