«Барселона» бас бапкері Флик маусым аяқталған соң қызметін босатады
«Барселона» клубының бас бапкері Ханси Флик маусым соңында командадан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл шешімді неміс маманның өзі қабылдаған. Ол бұл ойға қыркүйек айынан бері келген және маусым аяқталған соң кетуге бекінген.
Флик өзінің шешімін бапкерлер штабымен бөлісіп, шаршағанын және кей ойыншылардың қарым-қатынасына көңілі толмағанын айтқан. Сондай-ақ ол клуб басшылығы тарапынан жеткілікті қолдау болмағанына өкініш білдірген.
Еске салайық, Ханси Флик каталондық клубты 2024 жылдың мамырында тізгіндеген болатын. Алғашқы келісімшарт 2026 жылдың маусымына дейін есептелген еді, кейін ол 2027 жылға дейін ұзартылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или