Қайрат Бурбасов Парижде дзюдодан әлем чемпионы атанды

Қайрат Бурбасов Парижде дзюдодан әлем чемпионы атанды

Францияның Париж қаласында өтіп жатқан дзюдодан ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында маңғыстаулық тәжірибелі палуан Қайрат Бурбасов ел намысын абыроймен қорғап, дзюдодан Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Маңғыстау дзюдо федерациясының хабарлауынша, Қайрат Бурбасов Бразилиялық Фелип Лунаны, Франциялық Джоффрей Армандты, жартылай финалда Грузиялық Дмитрий Муладзені жеңіп, финалға жолдама алған. Финалда отандасы, 2024 жылы Лас-Вегаста әлем чемпионы атанған Атырау спортшысы Есмағанбетов Мейрамбекті ұтып, әлемдік доданың жеңімпазы атанған. 

Қайрат Бурбасов — қазақ күресінен тұңғыш әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, самбодан спорт шебері, дзюдодан спорт шебері, әлем чемпионы «Қара бура» — Нурдаулет Жарылғаповтың жеке бапкері. 


Дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасын 14 медаль еншіледі

Қазақстан дзюдодан жастар арасында өткен әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или