Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтетін әлем чемпионатына қатысады
5-9 қараша аралығында Испанияның Памплона қаласында батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі келесідей: Данил Мусабаев, Ерлан Тасмағамбетов, Роман Барков, Никита Тумаков және Виктория Бутолина.
Қазақстандық спортшылар жекелей және синхронды секіру бағдарламаларында, сондай-ақ ерлер және аралас санаттарда өнер көрсетеді.
Бұған қоса, ерлер құрамасы командалық есепте жүлде үшін бақ сынайды.
Дереккөз: федерацияның баспасөз қызметі
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или