Еуропаның ең үздік жас футболшысы анықталды
Беделді «Golden Boy» сыйлығының жеңімпазы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tuttosport газеті жыл сайын Еуропадағы жылдың ең үздік жас футболшысына (21 жасқа дейін) беретін бұл сыйлық 2025 жылы ПСЖ шабуылшысы Дезире Дуэге беріледі. Өткен маусымда Дуе командасымен бірге барлық жүлделерді, соның ішінде Чемпиондар Лигасын жеңіп алды. Финалда ПСЖ «Интерді» 5:0 есебімен жеңді, Дезире екі гол соқты.
«Golden Boy» сыйлығы 2003 жылдан бері беріліп келеді. Соңғы бес жылда Дуэден бөлек, жеңімпаздардың қатарында Педри, Гави, Джуд Беллингем, Ламин Ямаль бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или