Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне Екатерина Биволға іздеу жарияланды

Дмитрий Биволдың бұрынғы әйеліне Екатерина Биволға іздеу жарияланды

Дмитрий Биволдың бұрынғы жары — Екатерина Биволды Қазақстанда іздеу салынды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қазақстан ІІМ Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелін іздеу жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, Екатерина Бивол "қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздеуде" деп көрсетілген.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуге дейінгі тексеріс жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі жұма күні.

2025 жылғы 22 қазанда Қырғызстан ІІМ ел халқын қорлайтын бейнежазбалардың таралуына байланысты тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Белгілі болғандай, видеоны түсірген — әлемге танымал боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина. Ол Instagram парақшасында түрлі ұлт өкілдерін, соның ішінде қырғыз халқын балағаттаған бейнероликтерді жариялаған.

Қазақстандық боксшы: Шаршы алаңда қазақ қайсар халық екенін дәлелдедім

Жәнібек Әлімханұлының салмағында IBF чемпиондығына үміткер анықталды

Қазақстан ба, Өзбекстан ба? World Boxing әлемдік рейтинг жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или