Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін тағы 98 футбол алаңы салынады

Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін тағы 98 футбол алаңы салынады

Республика көлемінде ФИФА, УЕФА және жеке инвесторлардың қолдауымен футбол алаңдары мен академияларының құрылысы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Қазақстан әлем бойынша мектептерде 1000 шағын футбол алаңын салуды көздейтін ФИФА-ның жаһандық бастамасына алғашқылардың бірі болып қосылған елдердің бірі. Жоба аясында елімізде 100 шағын футбол алаңын салу жоспарланып отыр.

Алғашқы екі шағын футбол алаңы Көкшетау мен Хромтау қалаларында пайдалануға берілді. 2027 жылдың соңына дейін Қазақстанның барлық өңірінде тағы 98 алаң салынады.

Сондай-ақ, УЕФА қолдауымен жүзеге асып жатқан «ALAÑ» жобасы аясында 2025 жылы 9 толық көлемді және 3 шағын футбол алаңы жаңартылды. Соңғы үш жылда бюджеттен тыс 5 миллиард теңгеге барлығы 22 толық және 3 шағын футбол алаңы қайта жөндеуден өтті. Бұл нысандарда 2023 жылдан бері 9 мыңнан астам спортшы тұрақты түрде жаттығып жүр.

2028 жылға қарай Премьер-лигадағы легионерлер саны сегіз ойыншыға дейін қысқарады

«Интердің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады

«Қайрат» Фарер аралдарына қарсы ойын алдында өзінің төрт футболшысын қайтарып алады



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или