Рыбакина мерзімінен бұрын Эр-Риядтағы турнирдің жартылай финалына шықты
Сауд Арабиясының астанасында Әйелдер теннисі ассоциациясының финалдық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
WTA маусымындағы үздік сегіз теннисші WTA Finals турнирінің жеңімпазын анықтайды.
Қатысушылар екі топқа бөлінген – Штеффи Граф және Сирена Уилльямс тобы.
Штеффи Графтың тобына Арина Соболенко, Джессика Пегула, Кори Гауфф және Жасмин Паолини кіреді.
Серена Уильямс тобында Ига Швентек, Елена Рыбакина, Аманда Анисимова және Мэдисон Киз бар.
Қазірге дейін мына матчтар өтті:
Сирена Уилльямс тобында:
Ига Швентек – Медисон Киз 6:1, 6:2
Аманда Анисимова – Елена Рыбакина 3:6, 1:6
Ига Швентек – Елена Рыбакина 6:3, 1:6, 0:6
Амнада Анисимова - Медисон Киз 4:6, 6:3, 6:2
Штеффи Граф тобында:
Арина Соболенко – Жасмин Паолини 6:3, 6:1
Кори Гауфф – Джессика Пегула 3:6. 7:6, 2:6
Турнир кестесі:


WTA финалдық турнирінде бүгін мына матчтар өтеді:
Кори Гауфф – Жасмин Паолини
Арина Соболенко – Джессика Пегула
Елена Рыбакина WTA Finals турниріне үшінші рет қатысып жатыр. Биылғы турнир отандасымыз үшін ең сәттісі болып отыр.
Алдыңғы екі маусымда Рыбакина топтық кезеңнен аса алмаған. Ал бұл жолы жағдай басқаша. Қазақстандық Эр-Риядта екі кездесуде жеңіске жетті.
Ертең қазақстандық чемпион топтық кезеңдегі соңғы кездесуін өткізеді, қарсыласы - америкалық Мэдисон Киз. Нәтижеге қарамастан, Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды.
WTA Finals турнирі 1-8 қараша аралығында өтеді. Турнирдің жүлде қоры 15 500 000 доллар.
Жас теннисші Аңсар Ниетқалиев қатарынан үш титулды жеңіп алды