Украиналық теннисші сенсациялық түрде жеңіске жетті

Украиналық теннисші сенсациялық түрде жеңіске жетті

Украиналық теннисші Виталий Сачко (АТР рейтингінде 222-орында) Францияның Мец қаласында өткен турнирде сенсациялық түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Сачко күтпеген жерден франциялық Джованни Мпетши Перрикардты (59-орын) 7-6, 6-3 есебімен жеңді.

Осылайша, Виталий екінші айналымға өтіп, онда қазақстандық Александр Бубликпен (13-ші орын) кездеседі.

Айта кетейік, Виталий Сачко Мецтегі жарысын іріктеу сынында тағы бір қазақстандық Александр Шевченконы (97-ші орын) 6-3, 6-1 есебімен жеңіп бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или