Никита Михайлис «Металлургқа» бірінші орынға көтерілуге көмектесті
                  Дүйсенбі, 3 қараша күні Магнитогорскіде Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жергілікті «Металлург» өз айдынында «Шанхай айдахарларын» қабылдады. «Арена-Металлургте» өткен кездесуде айдын иелері ірі есеппен жеңіске жетті – 6:1 (4:1, 0:0, 2:0).
Қонақтар қақпасына үшінші шайбаны Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлис соқты.
Магнитогорск командасы осы жеңістен кейін 34 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға қайта көтерілді.
«Барыс» командасы қазақстандық шабуылшымен қоштасты
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или