«Барыс» ҚХЛ-да қатарынан төртінші рет жеңілді
Дүйсенбі, 3 қарашада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында кезекті кездесулер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шығыс конференциясының турнир кестесінде сегізінші орында тұрған «Барыс» Астанада алтыншы орындағы нижнекамскілік «Нефтехимикті» қабылдады. Кездесуге «Барыс Аренаға» 5000 көрермен жиналды.
Ойын басындағы 0:2 есебінен кейін шабуылшы Кирилл Панюков екінші кезеңде есепті 1:2-ге дейін қысқартты. Бұл шайба хоккейшінің маусымдағы үшінші голы болды (бәрі өз айдынында соғылған).
Дегенмен қонақтар көп ұзамай есеп айырмасын ұлғайтты – 1:3. Кейін астаналықтар сапындағы жас талант Дінмұхаммед Қайыржан мүмкіндігін тиімді пайдаланды (2:3).
Үшінші кезеңдәе «қасқырлар» сенімді жеңіске жетті - 0:2.
Осылайша «Нефтехимик» Астанада «Барысты» 2:5 (0:0, 2:3, 0:2) есебімен жеңді.
Астаналықтар 23 ойыннан кейін 19 ұпаймен Шығыс конференциясының турнир кестесінде сегізінші орында қалды, ал бүгінгі қонақтар 23 матчта 25 ұпай жинап, бесінші орында тұрған «Тракторға» (27 ұпай, 23 ойын) жақындай түсті.
«Барыс» командасы қазақстандық шабуылшымен қоштасты
Хоккей: Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды