Рыбакина WTA қорытынды турнирінде Ига Швентектен басым түсті
Бүгін, 3 қараша күні, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WTA-2025 қорытынды турнирінде әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еске салайық, Елена Рыбакина турнирдегі алғашқы матчында америкалық Аманда Анисимованы (4-орын) жеңген болатын — 6:3, 6:1.
Ал Ига Швентек америкалық Мэдисон Кизді (7-орын) айқын басымдықпен жеңді — 6:1, 6:2.
Бірінші сетте 3:6 есебімен жеңілген Рыбакина кейін өз ойынын тауып, атақты қарсыласын толық басымдықпен жеңді.
Қорытынды есеп — 3:6, 6:1, 6:0. Осылайша Елена турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Александр Бублик әлемдік рейтингте жоғарылап, жеке рекордын жаңартты
Жас теннисші Аңсар Ниетқалиев қатарынан үш титулды жеңіп алды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или