Аңсар Ниетқалиев қатарынан үш титулды жеңіп алды
Қазақстандық теннисші, 14 жастағы Аңсар Ниетқалиев жасөспірімдер арасында үш ITF Juniors турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аңсар алдымен Түркияның Бурса қаласында J30 санатындағы жарыста финалда жергілікті спортшы, доданың 5-ракеткасы Берке Окумусты айқын басымдылықпен ұтты — 6:2, 6:0.
Қарқынын бәсеңдетпеген Аңсар Ниетқалиев бір аптадан кейін Түркияның Адана қаласында дәл осындай турнирде үздік шықты. Ол жұптық сында отандасы Хақназар Жеткербаймен бірге соңғы бәсекеде түркиялықтар Гюлер — Конияны камбэк жасап, тізе бүктірді — 6:7 (5:7), 6:3, 10:8.
Аңсар үшінші жеңісіне туған жерінде қол жеткізді. Ол Алматыда жаңадан ашылған «Алатау» теннис орталығында J60 Almaty Open жарысында үздік шықты. Аңсар Ниетқалиев финалда өзінен әлдеқайда тәжірибелі, тағы бір қазақстандық Олжас Есеналыға мүмкіндік қалдырмады — 6:2, 6:2.
Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингінде көтерілді
Бублик Париждегі турнирден кейін қанша табыс тапты?
Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирін жартылай финалда аяқтады