Астанада 2025 IBSA JUDO ASIAN CHAMPIONSHIPS ASTANA додасы өтеді
7–9 қараша аралығында Астана қаласында екінші рет 2025 IBSA JUDO ASIAN CHAMPIONSHIPS ASTANA додасы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Араға екі жыл салып ұйымдастырылып жатқан айтулы доданың маңызы зор. Өйткені жарыс 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңінің бір бөлігі саналады. Биылғы додаға 9 елден 100-ден астам пара дзюдошы қатысуға ниет білдірді. Олардың қатарында Паралимпиада чемпиондары және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлері бар.
Азия құрлығының додасына 8 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, +95 келіде белдесетін болса, әйелдер 52, 60, 70, +70 келіде жүлдеге таласады.
Чемпионат бағдарламасы: 7–9 қараша
7 қараша
- – 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері
- – 15:30–17:30 – финалдық белдесулер
8 мамыр
- – 10:00–13:00 – іріктеу белдесулері
- – 15:30–17:30 - финалдық белдесулер
15 мамыр
- – 10:00-15:30 басталуы – іріктеу және финалдық белдесулері (командалық).
Ашылу салтанаты: 7 қараша, САҒАТ 15:00
Өтетін жері: Beeline Arena, Ұлттық теннис орталығы (Тұран даңғылы, 4/2).
Дзюдодан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі жарияланды
Дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды
Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасын 14 медаль еншіледі