Джиу-джитсудан әлем чемпионаты: Жібек Құлымбетова алтыннан алқа тағынды

Джиу-джитсудан әлем чемпионаты: Жібек Құлымбетова алтыннан алқа тағынды

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан джиу-джитсудан әлем чемпионатында 18 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова әйелдер арасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 48 келіге дейінгі салмақта отандасы Райхан Абдуллаевамен белдесті. Олардың екеуі де Алматы облысынан еді. Осылайша, елуден астам мемлекет өкілдері қатысып жатқан жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына қос жүлде түсті.

Бұл — Құлымбетованың ересектер арасындағы алғашқы әлем біріншілігі. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында 11 мәрте әлем чемпионы атанған.

Чемпионат 2–15 қараша аралығында өтуде. Аталған додада Қазақстаннан 200-ден астам спортшы қатысуда.

Қазақстандық каратэші Мәскеу турнирінің үш дүркін чемпионы атанды

Қазақстанда тұңғыш рет таеквондодан Әлем чемпионаты өтеді

Қазақстандық параспортшы халықаралық рекордтар кітабына енді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или