Софья Берульцева Мәскеу турнирінің үш дүркін чемпионы атанды

Софья Берульцева Мәскеу турнирінің үш дүркін чемпионы атанды

Ресей астанасы Мәскеуде WKF каратэден дәстүрлі Moscow Karate Universe халықаралық жарысы мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, биыл 44 мемлекеттен үздік спортшылар жиналған турнирде еліміз құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта топ жарып, осымен Мәскеу турнирінде үшінші рет үздік атанды.

Сондай-ақ Әсел Қанай (-61 кг) мен Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) күміс жүлдегер атанса, Қайсар Алпысбай (-60 кг) мен Диас Анарбеков (+84 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Осымен төртінші рет өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры көбейе түскен. Мәселен, чемпион 5 мың, күміс медаль алғандар 2 мың, қола жүлдегерлер 1000 АҚШ долларына ие болды.

Аталмыш жарыс арқылы ұлттық құрама 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына дайындықты бастап кетті.

- Сонымен қатар турнир барысында Қазақстан мен Ресей Федерациясының каратэ федерациясы бірлескен келісім жасасты. Құжатқа Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат пен Ресей каратэ федерациясынның президенті, Дүниежүзілік каратэ федерациясы (WKF) атқару комитетінің мүшесі Сергей Цой қол қойды. Бұл келісім-шарттың мақсаты - 2026 жылғы жазғы Азия ойындарына жоғары деңгейде дайындық жүргізу. Атап айтқанда, екі ел командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарын жетілдіру, бірлескен жарыстарға қатысуға бағытталған, - деп хабарлады федерациядан.

Қазақстандық параспортшы халықаралық рекордтар кітабына енді

Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер Азиядасында екінші медалін алды

Айдана Құмартаева таеквондодан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстанда тұңғыш рет таеквондодан Әлем чемпионаты өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или