Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
5-8 қараша аралығында Өскеменде шайбалы хоккейден әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы турнирде Жапония, Қытай және Корея командаларымен жүлде үшін бақ сынайды.
30 қазанда Өскеменде жарысқа дайындық аясында оқу-жаттығу жиыны басталды.
Бұл жиынға Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізіміне еліміздің төрт клубының ойыншылары енді:
«Айсұлу» және «Айсұлу Таңдаулы» (Алматы), «Томирис» (Астана), «Торпедо» (Өскемен).
Жиынға барлығы 26 хоккейші шақырылды: 23 ойыншы және 3 қақпашы. Турнирге қатысатын негізгі құрамда 23 спортшы болады.
Қақпашылар: Вероника Агеева, Полина Говтва (екеуі де – «Торпедо»), Арина Щеколова («Томирис»);
Қорғаушылар: Юлия Буторина, Дария Молдабай (а), Александра Воронова (бәрі – «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де – «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова, Мадина Тұрсынова (бәрі – «Айсұлу»);
Шабуылшылар: Малика Алдабергенова (А), Пернеш Әшімова, Елизавета Дюндина, Лариса Свиридова (бәрі – «Айсұлу»), София Зубкова, Кира Крухольская, Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы, Златоцвета Феоктистова (бәрі – «Торпедо»), Екатерина Куценко, Анастасия Оразбаева (К), Надежда Филимонова, Александра Шегай (бәрі – «Томирис»), София Муравьева, Мадианна Нусупова (екеуі де – «Айсұлу Таңдаулы»).
Қазақстан жолдастық матчта Қытайдан жеңіліп қалды
Қазақстандық хоккейші Канада лигасының матчында голдық пас берді
Қазақстандық шабуылшы Финляндия лигасында мергендер сайысында көш бастап тұр