Дзюдодан ел чемпионатының күнтізбесі жарияланды

Дзюдодан ел чемпионатының күнтізбесі жарияланды

Абай облысының орталығы Семей қаласында дзюдодан Қазақстан чемпионатының күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім етті. Ел біріншілігі 10-13 қараша аралығында өткізіледі. Алдымен 10 қарашада жарыстың ашылу салтанаты өтсе, сол күні ерлер 60, 66, әйелдер 48, 52 келі салмақта жеңімпаздарды анықтайды.

Ал 11 қарашада ерлер 73, 81, әйелдер 57, 63, 70 келі, 12 қарашада ерлер 90, 100, 100 келіден жоғары, әйелдер 78, 78 келіден жоғары салмақта татамиге шығады.

Жарыстың соңғы күні, 13 қарашада аралас командалық жарыс өтеді.

Дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасын 14 медаль еншіледі

Қазақстан дзюдодан жастар арасында өткен әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или