Алматылық «Қайрат» кезекті матчын өткізу үшін Милан қаласына сапарға шықты
Алматылық «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасындағы кезекті матчын өткізу үшін Италияның Милан қаласына аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рафаэль Уразбахтин шәкірттері төртінші турда «Интермен» кездеседі. «Джузеппе Меацца» стадионындағы матч қарашаның 5-нен 6-на қараған түні, Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Алматылық команда қазіргі дейін негізгі кезеңде Португалияның «Спортинг» (1:4) және Испанияның «Реал Мадрид» (0:5) клубтарынан жеңіліп, Кипрдің «Пафос» (0:0) командасымен тең түсті.
ҚПЛ клубын қытайлық инвесторлар сатып алуы мүмкін
Годберг Купер: «Қайрат» Миланға турист ретінде емес, ойнау үшін барады
«Интердің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или