Годберг Купер: «Қайрат» Миланға турист ретінде емес, ойнау үшін барады
Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Годберг Купер ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайраттың» Чемпиондар лигасында «Интерге» қарсы қалай ойнауы керектігі жайлы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Шынымды айтсам, Қазақстанда ойнаған кезде түсінгенім, ондағы адамдар күрескенді жақсы көреді. Тіпті соңғы минуттарда да өз күштерін көрсеткісі келеді. Бұл қазақтардың қанында бар нәрсе: олар өз елін сүйеді және ол үшін күреседі.
«Қайрат» өз қақпасының алдына автобус қояды деп ойламаймын. Олар «Интермен» тең деңгейде емес екенін түсінеді, бірақ соңына дейін ойнайды, күреседі және қолдарынан келгенінің бәрін жасайды. Неге «Сан-Сирода» жеңіске жетпеске?
«Қайратта» керемет матч өткізуге мүмкіндік бар. Олар қазірдің өзінде әр ойыннан ләззат алуда, себебі өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысып жатыр. Бірақ олар Миланға турист ретінде емес, ойнау үшін келеді. Өздерін көрсететініне сенімдімін», – деді футболшы.
Годберг Купер 2024 жылғы маусымда «Тобыл» сапында ойнап, Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды. Қазіргі уақытта ол румыниялық «Стинта Поли» клубында өнер көрсетуде.
Чемпиондар лигасының үш турынан кейін «Қайрат» бір ұпай жинады – «Пафоспен» тең ойнады, «Спортингке» 1:4 есебімен жеңілді және «Реал Мадридке» 0:5 есебімен жеңілді. Төртінші турда алматылық команда Миланда «Интермен» ойнайды.
«Интердің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч алдында мәлімдеме жасады
Виктор Кумыков ұлттық құраманы кім баптауы керектігін айтты
«Қайрат» Фарер аралдарына қарсы ойын алдында өзінің төрт футболшысын қайтарып алады