03.11.2025. ҚХЛ: «Барыс» — «Нефтехимик». Тікелей трансляция
Бүгін, 3 қарашада, «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымындағы матчында «Нефтехимикті» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матчтың тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
22 ойында «Барыс» 19 ұпай жинап, Шығыс конференциясында жетінші орында тұр. Соңғы матчта «Барыс» «Амурды» 3:1 есебімен жеңді.
22 ойыннан кейін «Нефтехимик» 23 ұпаймен Шығыс конференциясында алтыншы орынға жайғасқан. Соңғы ойында Нижнекамск клубы өз алаңында «Салават Юлаевқа» есе жіберді (1-2).
Қазақстан жолдастық матчта қытайдан жеңіп қалды
Қазақстандық шабуылшы Финляндия лигасында мергендер сайысында көш бастап тұр
Қазақстандық хоккейші Канада лигасының матчында голдық пас берді
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или