WTA рейтингі: Рыбакина өз орнында қалды, Путинцева екі саты көтерілді

WTA рейтингі: Рыбакина өз орнында қалды, Путинцева екі саты көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сындағы теннисшілердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік үштік өзгеріссіз қалды: Беларусь өкілі Арина Соболенко бірінші, Польша өкілі Ига Швентек екінші, ал америкалық теннисші Кори Гауфф үшінші орында.

Қазақстандық Елена Рыбакина алтыншы орында қалды. Юлия Путинцева екі саты жоғарылап, 73-ші орынға көтерілді.

Жұптық сында Катерина Синякова көш бастап тұр, американлық Тейлор Таунсенд екінші, ал италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эррани үшінші орында тұр.

Қазақстандық Анна Данилина 13-ші орында қалды. Юлия Путинцева бір орынға төмендеп, 105-ші орынға түсті. ЖІбек Құламбаева 134-ші орыннан 132-ші орынға көтерілді.


WTA Қорытынды турнирі: Елена Рыбакина — Ига Швентек. Тікелей трансляция

Бублик Париждегі турнирден кейін қанша табыс тапты?

Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирін жартылай финалда аяқтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или