WTA Қорытынды турнирі: Елена Рыбакина — Ига Швентек. Тікелей трансляция
Бүгін, 3 қарашада, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Эр-Риядта өтетін 2025 жылғы WTA Қорытынды турнирінде әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекпен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина мен Швентек арасындағы матчтың тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады және ойынды мына сілтеме арқылы көруге болады.
Еске сала кетейік, Елена Рыбакина турнирдің бірінші матчында америкалық Аманда Анисимованы (4-ші орын) 6-3, 6-1 есебімен ұтты.
Ал Ига Швентек тағы бір америкалық спортшы Мэдисон Кизді (7-ші орын) 6-1, 6-2 есебімен жеңді.
Бублик Париждегі турнирден кейін қанша табыс тапты?
Александр Бублик Париждегі «Мастерс» турнирін жартылай финалда аяқтады
Бублик әлемнің топ-10 теннисшісі қатарына кіру мүмкіндігін бағалады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или