Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Жібек Құлымбетова Бангкок қаласында өтіп жатқан джиу-джитсудан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл 18 жастағы спортшының ересектер арасындағы дебюті. Бұған дейін Жібек джиу-джитсу мен грэпплингтен жасөспірімдер арасындағы 11 әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 2-15 қараша аралығында өтеді және барлық жас санаттары бойынша жарыстарды қамтиды (12 және одан жоғары жас). Турнирге Қазақстан атынан 200-ден астам татами шеберлері қатысып жатыр.

Қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер Азиядасында екінші медалін алды

Айдана Құмартаева таеквондодан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

Қазақстанда тұңғыш рет таеквондодан Әлем чемпионаты өтеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или