Алмабаев Катарда өтетін UFC турниріне дайын

Алмабаев Катарда өтетін UFC турниріне дайын


Қазақстандық ММА жауынгері Асу Алмабаев Катарда өтетін UFC турнирінің өтетін жеріне келіп жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы турнир аясында Алмабаев (22-3, UFC: 5-1) бұрынғы чемпиондық атаққа үміткер, америкалық Алекс Переспен (25-9, UFC: 7-5) октагонға шығады. Сонымен қатар Асумен бірге турнирге UFC чемпионы Илия Топурияның ағасы Александр Топурия да келген.

Соңғы жекпе-жегінде Алмабаев Хосе Очоаны сенімді жеңген болатын. Ал оның алдағы қарсыласы Алекс Перес соңғы айқасында жапониялық Тацуро Таираға техникалық нокаутпен есе жіберген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или