АҚШ блогері Джейк Пол Джошуамен айқас туралы келіссөз жүргізіп жатыр
                  АҚШ-тың блогер әрі кәсіпқой боксшысы Джейк Пол бұрынғы ауыр салмақ чемпионы Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөз жүріп жатқанын растады, деп хабарлайды Prosports.kz Allboxing.ru сайтына сілтеме жасап.
«Бұл жүз пайыз мүмкін. Қазір біздің командалар байланысып, кездесуді ұйымдастыру бағытында жұмыс істеп жатыр. Джервонта Дэвиске қарсы айқастан кейін бірден Джошуамен жұдырықтасу қызық болар еді», – деді Пол Sky Sports арнасына берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ өзіне сын-қатер тастауды ұнататынын айтты: «Маған еш мүмкіндік жоқтай көрінетін жекпе-жектер ұнайды. Сол мені алға жетелейді, өмірімнің мәні де сонда», – деді америкалық боксшы.
Сонымен қатар, Джейк Пол бірінші ауыр салмақтағы WBC чемпионы Баду Джекпен кездесудің де ықтимал екенін айтты. Бұл боксшы желтоқсанда Ноэль Микаэлянмен реванш өткізеді.
«Джекпен айқасу да әбден мүмкін. Бәрі оның келесі жекпе-жегіне байланысты. Ақырында менің мақсатым бір – әлем чемпионы атану және жеңісті жалғастыру», – деп түйіндеді Пол.
World Boxing әлем кубогының финалына қатысатын елдер анықталды
Қазақстандық боксшы: Шаршы алаңда қазақ қайсар халық екенін дәлелдедім
Жәнібек Әлімханұлының салмағында IBF чемпиондығына үміткер анықталды