Хорватиялық UFC жауынгері Анте Делияның Вальдо Кортес-Акостамен өткен жекпе-жегі үлкен дау туғызды, деп хабарлайды Prosports.kz.
UFC Fight Night 263 турнирі аясында Лас-Вегаста өткен айқаста доминикандық спортшы бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Алайда жекпе-жек барысы мен төреші Марк Смиттің әрекеті жанкүйерлер мен сарапшылардың қатты сынына ұшырады.
Эпизод кезінде Делия қарсыласын нокаутқа түсірер сәтте байқамай көзіне саусақ тигізіп алған. Осыдан кейін төреші видеоқайталауды (instant replay) қосып, жекпе-жекті уақытша тоқтатқанымен, кейін қайта жалғастыруға рұқсат берген. Бұл UFC ережесіне тікелей қайшы.
Аралас жекпе-жектің бірыңғай ережелерінде нақты көрсетілген: «Instant replay тек жекпе-жек тоқтатылған соң финалдық сәтті қайта қарау үшін қолданылады. Қайта қаралғаннан кейін жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат етілмейді».
Осылайша, Марк Смиттің шешімінен кейін Кортес-Акоста жеңімпаз атанса да, ММА жанкүйерлері мен сарапшылар бұл нәтижені әділ деп санамай, жекпе-жекті жарамсыз деп тануды талап етуде.