Соннен: «Хабиб қарсыластан емес, салмақ қудалаудан шаршады»

Соннен: «Хабиб қарсыластан емес, салмақ қудалаудан шаршады»


UFC-дің бұрынғы титулға үміткері әрі ММА сарапшысы Чейл Соннен Хабиб Нурмагомедовтің мансабын не себепті 29 жекпе-жекте тоқтатқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Vringe сайтына сілтеме жасап.

2020 жылдың қазанында Хабиб Джастин Гэтжиді жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атағын үшінші рет қорғаған болатын. Осы жекпе-жектен кейін ол мансабын аяқтап, 29–0 есебімен рекорд орнатты. Промоушен басшылығы спортшыны 30-шы «юбилейлік» жекпе-жекке қайтаруға тырысқанмен, нәтиже болмады.

Сонненнің айтуынша, себеп мотивацияда да, қорқынышта да емес: «Хабибтің 29 жекпе-жекте тоқтауына қарсыластарының қатысы жоқ. Ол ешкімнен қорыққан жоқ. Тек енді салмақ қудалағысы келмеді. Бұл — мансабын аяқтайтын спортшылар арасындағы ең басты себептердің бірі», – деді сарапшы.

Сонненнің пікірінше, егер UFC жекпе-жекті жеңіл емес, жартылай орта салмақта ұйымдастырған болса, Конор Макгрегормен реванш өткізу мүмкіндігі туар еді: «Мәселе ақшада да, уәделерде де емес. Бар болғаны салмақ санатын өзгерту керек еді. Сонда біз көптен күткен 30-шы жекпе-жекті көрер едік», – деді ол.

NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы қарашада октагонға оралады

Қазақ файтер Karate Combat турнирінің чемпионы атанды

Дамир Исмағұлов Karate Combat дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или