UFC Fight Night 263 турнирінің басты жекпе-жегі өтті
                  Америкалық Стив Гарсия АҚШ-тың Невада штатындағы Энтерпрайз қаласында өткен UFC Fight Night 263 турнирінің басты кездесуінде угандалық Дэвид Онаманы жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Гарсия өзінің 19-шы жеңісіне қол жеткізді. UFC-де қатарынан жеті жеңіске жетті. Онаманың 14 жеңісі және 3 жеңілісі бар.
Ауыр салмақтағы жекпе-жекте доминикандық Уолдо Кортес-Акоста хорватиялық Анте Делияны бірінші раундта нокаутқа жіберді.
Қазақ файтер Karate Combat турнирінің чемпионы атанды
Дамир Исмағұлов Karate Combat дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді
Жеңілмеген қазақстандық OCTAGON 80-де сенімді жекпе-жек өткізді
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или