Мохамед Салах Уэйн Рунидің Премьер-лигадағы рекордын қайталады
АПЛ-дың 10-шы турындағы ойында 33 жастағы «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах «Астон Вилла» қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Squawka мәліметінше, «гол+пас» жүйесі бойынша Салах рекорд қайталады.
Шабуылшы «Ливерпуль» сапында 276 голдық пас (188 гол және 88 голдық пас) жасады. Алдыңғы рекорд (276) «Манчестер Юнайтедте» ойнаған кезде Уэйн Руниге (183 гол және 93 голдық пас) тиесілі болды.
Сондай-ақ, бұған дейін мысырлық ойыншы «Ливерпуль» үшін 250 гол соққан үшінші ойыншы болғаны жарияланған болатын.
Биылғы маусымда Салах клуб үшін барлық жарыстарда 14 ойын өткізіп, бес гол соғып, үш голдық пас берді.
Мессидің клубы MLS плей-оффының 1/8 финалында жеңіліске ұшырады
«Бернабеудегі» қайғылы оқиға: «Реал» жанкүйері «эль класико» кезінде көз жұмды