Бублик Туриндегі ATP финалына өте алмады, бірақ мансабындағы үздік рейтингке шықты
Парижде өтіп жатқан хард корттағы «Мастерс» турнирі шешуші кезеңге жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик жартылай финалда әлемнің 10-ракеткасы, канадалық Феликс Оже-Альяссимнен 6:7, 4:6 есебімен ұтылды. Екінші сетте Бублик 4:1 есебімен алда болғанымен, артықшылығын сақтай алмады.
Бұл жеңіліс Александраның Туринде өтетін маусым қорытындысы – ATP финалына жолдама алу мүмкіндігін жойды. Соңғы, сегізінші жолдаманы енді италиялық Лоренцо Музетти мен Оже-Альяссим өзара таласады. Бублик болса, Туринде қосалқы ойыншы ретінде тіркеледі.
Соған қарамастан, Александр Бублик жартылай финалға дейін жетуінің арқасында дүйсенбі күні мансабындағы ең жоғары нәтиже – әлемдік рейтингтің 13-сатысына көтеріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или