Роналдудың ұлы Португалия U16 сапындағы алғашқы голын соқты
Криштиану Роналдудың ұлы кіші-Криштиану Португалия U16 құрамасындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жас шабуылшы Уэльске қарсы матчта негізгі құрамда алаңға шығып, дебюттік ойынында есеп ашты және командасына 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетуге көмектесті.
Бұған дейін 15 жастағы футболшы Түркияға қарсы өткен кездесуде небәрі бір минут қана ойнаған еді, ол ойында да португалиялықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Португалия жасөспірімдер құрамасы келесі матчын 4 қарашада Англияға қарсы өткізеді. Кіші-Криштианудың алғашқы голының видеосы желіде тарап жатыр.
Қазір кіші-Роналду Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының академиясында жаттығып жүр.
Бұған дейін ол Португалияның 15 жасқа дейінгі құрамасында өнер көрсетіп, мамыр айында Хорватияға қарсы ойында команда сапындағы алғашқы голын соққан болатын.
U15 құрамасында ол екі голдың авторы атанды.
🚨🚨| Cristiano Jr has officially opened his account for Portugal U16! 🇵🇹🔥pic.twitter.com/jpY08Ozpi5
— CentreGoals. (@centregoals) November 1, 2025
Хаби Алонсо мен Винисиус қайта тіл табысты