«Реал Мадрид» - «Барселона»: жанкүйер матч кезінде көз жұмды

«Реал Мадрид» - «Барселона»: жанкүйер матч кезінде көз жұмды

«Реал Мадрид» пен «Барселона» арасындағы «эль класико» кезінде «Сантьяго Бернабеу» стадионында қайғылы жағдай орын алды. Мадридтік клубтың израильдік жанкүйері Игаль Бродкин Килиан Мбаппе пенальтиден мүлт кеткеннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Француз шабуылшысы соққыны мүлт жіберген соң, жанкүйердің жағдайы күрт нашарлап, ол трибунада есінен танып қалған. Көрермендер төреші мен ойыншылардың назарын аударуға тырысты, матчты тоқтатуды өтінді. Тибо Куртуа төрешіге жағдайды хабарлағанымен, ойын жалғаса берді.

Дәрігерлер тобы дереу көмек көрсетіп, жанкүйерді Ла-Пас ауруханасына жеткізді, алайда оның өмірін сақтап қала алмады.

Хаби Алонсо мен Винисиус қайта тіл табысты

«Реалдың» бас бапкері Винисиус Жуниор жазаланбайтынын айтты

«Манчестер Сити» Родримен келісімшартты ұзартпақ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или