Николай Самусев қарашада октагонға оралады
NAIZA лигасының жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Николай Самусев қараша айындағы турнирде лигаға оралуға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ сайтына сілтеме жасап.
Самусев лигадағы кейінгі жекпе-жегін 2021 жылы өткізген, содан кейін тізе жарақатына байланысты чемпиондық белбеуді босатқан болатын. Жарақатынан айыққан соң Николай BRAVE лигасымен келісімшарт жасасып, алайда сәтсіз құлағаннан кейін қолын сындырып алған.
Енді чемпион өз атын шығарған октагонға оралуға дайын.
Турнир 29 қараша күні Алматыда өтеді.
Қазақ файтер Karate Combat турнирінің чемпионы атанды
Дамир Исмағұлов Karate Combat дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді
Жеңілмеген қазақстандық OCTAGON 80-де сенімді жекпе-жек өткізді
Астанадағы «Сатурн» мен «Афроказах» жекпе-жегі дисквалификациямен аяқталды