Темірлан Анарбеков шетелдік клубқа ауысуы мүмкін
Болгариялық ЦСКА командасы Қазақстан құрамасының және алматылық «Қайраттың» 22 жастағы қақпашысы Темірлан Анарбековті қатарға қосуды көздеп отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
KazFootball.kz ақпараты бойынша, софиялық ЦСКА - Болгариядағы ең табысты клубтардың бірі. Команда 31 рет ел чемпионы және 21 рет Кубок иегері атанған. Қазіргі уақытта армиялық клуб ел біріншілігінде жетінші орында тұр.
Темірлан Анарбеков кәсіби жолын «Атырау» жастар академиясынан бастаған. Кейін ол алматылық клубқа ауысып, астаналық «Жеңіске» жалға берілді. Қазіргі маусымда Анарбеков нағыз сенсацияға айналды - Александр Заруцкийді лайықты алмастырып, «Қайратқа» «Селтикті» жеңуге көмектесіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығарған. «Пафоспен» өткен кездесуде (0:0) де ол өзін жақсы қырынан танытып, 5 соққыны қайтарды.
Осы жарқын ойынының арқасында софиялық ЦСКА 22 жастағы Анарбековті өз сапына қосуға қызығушылық білдіріп отыр.
Танымал шетелдік бапкер қазақстандық клубтан кетті
УЕФА Конференция лигасының финалы Қазақстанда өтуі мүмкін
Жыл соңына дейін жеке меншікке өтетін тағы бір клуб белгілі болды