Әлімханұлы алдағы жоспарын бөлісті

Әлімханұлы алдағы жоспарын бөлісті

Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы абсолют әлем чемпионы атанып, болашақта Теренс Кроуфордты жекпе-жекке шақырғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін P4P рейтингінің көшбасшысы Кроуфорд өз парақшасында видео жариялап, Жәнібектің жетістіктерін бақылап жүргенін және оны әлеуетті қарсылас ретінде қарастыратынын айтқан болатын.

6 желтоқсанда Әлімханұлы 42 жастағы кубалық WBA чемпионы Эрисланди Ларамен біріктіру жекпе-жегін өткізеді. Ал орта салмақтағы WBC белбеуі қазір Карлос Адамеске тиесілі.

«Мен Лараны да, Адаместі де жеңемін. Барлық төрт чемпиондық белбеуді жинап, содан кейін Кроуфордтың уақыты келеді», - деп жазды Жәнібек әлеуметтік желілерде.

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд Сауль Альваресті жеңгеннен кейін екінші орта салмақта абсолют әлем чемпионы атанған болатын, бұған дейін ол жеңіл салмақ дәрежелерінде өнер көрсеткен еді.

World Boxing әлем кубогының финалына қатысатын елдер анықталды

Терренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альвареспен реванш өткізуді қалайды

Жәнібек Әлімханұлының салмағында IBF чемпиондығына үміткер анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или