«Барыс» NHL-да 68 матч өткізген хоккейшіні қатарына қосты

«Барыс» NHL-да 68 матч өткізген хоккейшіні қатарына қосты

«Барыс» хоккей клубы Максвелл (Макс) Уиллманмен біржақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін есептелген.

Шабуылшы кәсіби мансабының барлығын Солтүстік Америкада өткізген. Оның статистикасында Ұлттық хоккей лигасындағы («Филадельфия» және «Нью-Джерси» командалары сапында) 68 матч бар. Қазақстанға келер алдында «Ютика» клубында ойнады. Өткен маусымда Макс АХЛ-дың тұрақты чемпионатында «Кометс» құрамында 69 ойында 30 (10+20) ұпай жинады.

Максвелл Уиллман

Туған күні: 13.02.1995.

Алаңдағы орны: шабуылшы.

Бойы: 183 см.

Салмағы: 83 кг.

Ойын таяғын ұстау бағыты: сол жақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или