Бублик әлемдік топ-10 қатарына кіре ала ма? Теннисші жауап берді
Александр Бублик әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына ену мүмкіндігі қаншалықты шынайы екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Париждегі «Мастерс» турниріндегі матчтан кейін өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық теннистің көшбасшысы бәрі алдағы нәтижелерге байланысты екенін атап өтті.
«Кез келген уақытта топ-10 қатарына ену - бұл керемет. Егер бәрі сәтті өрбіп жатса, бұл ертең де болуы мүмкін. Немесе келесі аптада Метцте. Тіпті біреу қорытынды турнирден бас тартса, мен қосалқы ойыншы ретінде қатысып, матчты жеңіп кетуім мүмкін - сонда бәрі ықтимал болады. Ең бастысы - жақсы ойнау, денің сау болуы және мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану», - деді Бублик.
Қазір Бублик ATP live-рейтингінде 13-орында тұр. Париждегі турнирде жеңіске жетсе, ол алғаш рет әлемдік теннистің топ-10 қатарына ене алады.
Қазақстандық теннисші Париждегі турнирдің жартылай финалына шықты
Путинцева Қытайдағы жарыспен қош айтысты
Бублик ATP Қорытынды турнирінде жолдама алуға үміткерлердің алғашқы бестігіне кірді