Хаби Алонсо мен Винисиус қайта тіл табысты
«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниор мен бас бапкер Хаби Алонсо жақында болған жанжалды шешіп, қарым-қатынасын қалпына келтірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дереккөздің мәліметінше, 29 қазанда бразилиялық пен оның бапкері кездесіп, «ашық және конструктивті әңгіме» өткізді. Соның арқасында олар арадағы шиеленісті жеңілдетіп, келіспеушілікті шеше алды,
Айта кетейік, 26 қазанда өткен «Барселонаға» қарсы ойынның 72-минутында Алонсо Винисиусты алмастырып тастаған. Шабуылшы бас бапкердің бұл шешіміне наразы болып, наразылығын ашық білдірген. Алаңнан кеткен кезде ол бапкердің шешіміне эмоционалды түрде реакция танытып, ауыр сөздер айтты. Кейінірек ойыншының клубтан кеткісі келетіні туралы қауесеттер тарады.
«Реалдың» бас бапкері Винисиус Жуниор жазаланбайтынын айтты
«Манчестер Сити» Родримен келісімшартты ұзартпақ
Роналду мен Месси 2024/2025 маусымының символдық командасына үміткерлер тізіміне енді