Қазақ файтер Karate Combat турнирінің чемпионы атанды
1 қараша күні Майамиде Karate Combat 54 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басты жекпе-жекте Ресейде тұратын қазақ файтер Ильяс Хамзин америкалық Адриан Уэзерсбимен кездесті. Олар орта салмақтағы титулды сарапқа салды.
Жекпе-жек бес раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Хамзин жеңіске жетті (48-46, 48-46, 48-46).
Жекпе-жектен кейін лига президенті Асим Заиди Хамзиннің жетістігі туралы «Ильяс чемпионның шынайы рухы мен тактикасын көрсетті», - деді.
Дамир Исмағұлов Karate Combat дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді
Жеңілмеген қазақстандық OCTAGON 80-де сенімді жекпе-жек өткізді
Астанадағы «Сатурн» мен «Афроказах» жекпе-жегі дисквалификациямен аяқталды
«Қазақ Сехудосы» салтанатты түрде оралып, OCTAGON 80-де бразилиялықты тұншықтыру әдісімен жеңді