2025 жылғы World Boxing әлем кубогының финалына қатысатын елдер анықталды
2025 жылғы World Boxing әлем кубогының финалына қатысатын елдер анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Төрт құрлықтан 18 команда бокстан 2025 жылғы әлем кубогының финалында бақ сынайды.
Маусымның соңғы турнирі тартысты көрініс болмақ - әлемнің үздік олимпиадалық стильдегі былғары қолғап шеберлері бетпе-бет кездеседі. Жанкүйерлерді жарқын жекпе-жектер, ұмытылмас өнер көрсетулер және бастан-аяқ нағыз бокс драмасы күтеді», - делінген ұйымның ресми Instagram парақшасында.
Халықаралық федерацияның мәліметінше, турнирге мына елдердің былғары қолғап шеберлері қатысады: Қазақстан, Өзбекстан, Аустралия, Жапония, Австрия, Қытай Тайбэйі, Қырғызстан, Англия, Нигерия, Финляндия, Польша, Германия, Корея Республикасы, Үндістан, Испания, Иран, Украина және Италия.
Айта кетсек, World Boxing әлем кубогының финалы 15–23 қараша аралығында Үндістан астанасы Нью-Делиде өтеді.
Қазақстандық боксшы: Шаршы алаңда қазақ қайсар халық екенін дәлелдедім
Жәнібек Әлімханұлының салмағында IBF чемпиондығына үміткер анықталды
Қазақстан ба, Өзбекстан ба? World Boxing әлемдік рейтинг жариялады