Елордалық «Барыс» қатарынан үшінші рет жеңілді
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт айдында Челябинскілік «Трактор» командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Михаил Кравец мынадай құрам шығарды: Шутов (Шил) - Масси-Уолш, Симонов-Морелли-Веккьоне; Данияр-Уотерспун, Савицкий-Томпсон-Қайыржан; Маккошен-Бекетаев, Логвин-Өмірбеков-Панюков; Бреус, Оспанов-Шайхмедденов-Колесников.
Бірінші кезеңде қонақтардың қақпасына үш жауапсыз шайба соғылды, ал екінші кезеңнің басында тағы бір шайба өтіп, Андрей Шутовтың орнын Адам Шил басты. Майкл Веккьоне есеп айырмасын қысқартты, ал соңғы жиырма минуттықта Джейк Масси ойынды қайта шиеленістірді, бірақ астаналықтардың күші жетпеді - 3:6 есебі тіркеліп, қазақстандықтар қатарынан үшінші рет жеңілді.
3 қарашада «Барыс» өз айдынында Нижнекамскінің «Нефтехимигін» қабылдайды.
«Барыс» – «Салават Юлаев» арасындағы кездесудің уақыты өзгерді
Қазақстан құрамасының Ресейдегі турнирге қатысатын кеңейтілген құрамы жарияланды
Қазақстан құрамасы Азия чемпионаты алдында жолдастық матч өткізеді