«Ақтөбе» жыл соңына дейін жеке меншікке өтеді
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жаңа стадионның құрылыс алаңына барып, «Ақтөбе» футбол клубы жыл соңына дейін жекеменшікке өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Серый CARDINAL» Telegram-арнасына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта клубты жекешелендіру жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр, мәселе келісу сатысында тұр. Жыл соңына дейін бұл мәселе толық шешіледі деп жоспарланып отыр, содан кейін «Ақтөбе» де жеке меншікке өтеді. Клуб құрылымында оның дамуына бағытталған өзгерістер күтіледі, ол үшін айтарлықтай қаржыландыру мен жүйелі жұмыс қажет болады», - деп келтіреді Шахаровтың сөзін арна.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке қазақстандық футбол клубтарын жекешелендіру жөнінде тапсырма берген болатын.