Даниэль Джуниор Чемпиондар лигасындағы шешуші матч алдында мақсатын айтты
Алматылық «Қайрат» футзал клубының бас бапкері Даниэль Джуниор Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турындағы португалиялық «Спортингке» (2:7) қарсы өткен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Біз өте жоғары деңгейдегі командамен кездестік. Қарсылас қазір өте жақсы формада. Ал бізге әлі де жұмысты күшейтіп, өз ойынымызды жетілдіру қажет. Бұл жеңіліс - біз үшін үлкен сабақ. Нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын.
Енді басты назарымыз ертеңгі шешуші ойынға аударылады. Бізге жеңіс қажет және плей-офф кезеңіне шығу үшін бар күшімізді саламыз. Бұл маусымда «Қайраттың» тарихына лайық өнер көрсетуге тырысамыз», – деді ол.
Хорватиялық «Ново Вриемеге» (3:2) қарсы жеңістен кейін қазақстандық клубтың еншісінде үш ұпай бар. 1 қарашада «Қайрат» Косовоның «Приштина» клубымен кездеседі.
«Қайрат» Чемпиондар лигасында Португалияның ең атақты клубына жол берді