Айша Алтай: Қазақстанның намысын абыроймен қорғау үшін барымды салдым
 
                  Қазақстандық дзюдошы Айша Алтай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК сілтеме жасап.
Спортшы бұл жетістікке көп еңбектің арқасында жеткенін айтты.
«Екі белдесу өткіздім. Біріншісі - Моңғолия спортшысымен болды. Бұл кездесу аса қиын болған жоқ, бәрі сәтті өтті. Екінші белдесу Өзбекстан өкілімен кездестім. Қазақстанның намысын абыроймен қорғау үшін барымды салдым. Ең алдымен құдайға, сондай-ақ жаттықтырушыма және ата-анамa алғыс айтамын.
Бұл жеңіс мен үшін ерекше мәнге ие. Азия ойындарына дейін талай оқу-жаттығу жиынын өткізіп, көп еңбектендік. Сол еңбектің өтеуі ретінде бүгін алтын медальға қол жеткіздік», - деді спортшы.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бахрейннің жасөспірімдер арасында Азия ойындарын 4 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлдемен аяқтады.
Дзюдодан Қазақстан құрамасы жасөспірімдер Азиадасын 14 медаль еншіледі
Дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты қайда өтетіні белгілі болды
Жасөспірімдер Азиадасы: Қазақстандық дзюдошы қыз алтыннан алқа тағынды